
Жақында ғана Ерке Есмахан мен Raim сәби күтіп жүргендерін ерекше хабарлаған еді.
Бұл жаңалық олардың жанкүйерлерін қатты қуантты. Ерке оқырмандарының сұрақтарына жауап беруге шешім қабылдады. Олар Raim жүктілік туралы хабарды қалай қабылдағанын сұрады.
«Ондай сәттерді түсірмейміз екенбіз. Инстаграмм есте болмайды романтикалық сәт, қуанышты сәттерде. Әке болатынын естігендеее...айттпаймын қасқа, ұрысады маған», — деп жауап берді Ерке Есмахан.

Сондай-ақ, Еркеден күйеуі екеуі гендерл-пати жасай ма деп сұрады.
«Өзіміз білеміз, тек сіздерге қалай жеткізетінімізді әлі ойластырмадық . Бірақ болады, Алла бұйыртса», — деп жазды әнші.
Фото: Instagram