
Бақытты болып қана қоймай, денсаулықты да нығайта аласың.
1. Құрбыңмен жаңа нәрселерді байқап көру оңайырақ
Олар белгісіздік сенімділікті жоғалтатын және алғашқы қадамдарды жасау қорқынышты болған жағдайда қолдау көрсетеді. Бұл тек парашютпен секіру немесе тау өзені арқылы байдаркаға шығу туралы емес. Қорқыныш ешқашан жасамаған кез келген жаңа нәрсе алдында болуы мүмкін. Мысалы, би студиясына бірінші рет келу қиын. Жаңа таныстық алдындағы қорқыныш сияқты қарапайым жағдайлар.
Бірге болу әрқашан оңай. Өйткені, қиын сәтте «Мен қорқамын» деп тікелей айта аласың және жаныңда қолдайтын адамың болады.
Қолдау үшін басқа жақын адамдарға — жігітіңе немесе туыстарыңа жүгінуге де болады деп ойлауға болады. Бұл дұрыс. Бірақ достықта тағы бір маңызды мәселе бар: сен тек құрбыңнан ғана көмек күтпейсің, ол да қолдауды қажет етеді. Сен көмектесуге тырысып, өзің білмеген күштер мен ресурстарды таба аласың.
2. Құрбылар пайдалы әдеттерді нығайтуға көмектеседі
Бұл тармақ қарапайым болып көрінетін бастамалар туралы. Бір істі қолға алғаннан кейін, біраз уақыт өткенде қиындықтар туындайды. Жаңа бизнесті ертеңге, дүйсенбіге, келесі айға кейінге қалдыру ниеті пайда болады.
Құрбыңмен бірге таңертең жүгіруді немесе йогамен айналысуды, шет тіді үйренуді немесе гитара аккордтарын меңгеруді бастау оңайырақ.
Сондықтан, егер пайдалы әдетті қалыптастыра алмасаң, онда бірге өзгерісті бастайтын, ойың бір жерден шығатын адамды табуың керек.
3. Құрбыңмен қиындықты жеңу жеңіл
Біздің әрқайсымыз үшін жанында мінсіз болып көріну міндетті емес адамдар болғаны маңызды.
Жаныңда жаман ойлап қалады деп еш уайымдамай көз жасыңды төгіп, шеріңді тарқататын адамның болғаны керемет емес пе?
Егер отбасы немесе басқа жақын адамдар осындай қолдау көрсете алса, бұл өте жақсы. Бірақ досың өзін сенің орныңа оңай қояды. Ал, сүйікті адамыңа әйелдің бірден түсінетін нәрселерін ұзақ уақыт түсіндіруге мәжбүр болуың мүмкін.

4. Достармен жақсы қарым-қатынас денсаулықты нығайтады
Квинсленд университетінің австралиялық ғалымдары 20 жыл бойы әлеуметтік байланыс әйелдердің денсаулығына қалай әсер ететінін зерттеді. Оларды 18-23 жастан бастап әртүрлі жас топтары қызықтырды. Зерттеудің басында жас әйелдердің жартысынан көбінде созылмалы ауру болған жоқ.
Эксперимент барысында бірнеше рет ғалымдар қатысушылардан басқалармен қарым-қатынастың қаншалықты қуанышты екенін бағалауды сұрады. Романтикалық байланыстар, туыстарымен және әріптестерімен өзара әрекеттесу бөлек бағаланды. Маңызды категория достық болды.
20 жылдан кейін әлеуметтік қатынастарға риза болғандар жалғыздықты сезінгендерге қарағанда екі есе аз созылмалы аурулары бар екені анықталды. Осыған ұқсас нәтижелер әрбір жеке санатта, соның ішінде «достық» бөлімінде де болды.
Құрбыларымен қарым-қатынаста толығымен қанағаттанған әйелдер қанағаттану деңгейі ең төмен адамдарға қарағанда созылмалы диагноздары екі есе аз болған. Ғалымдар бұл аспект денсаулыққа темекі шегу, физикалық белсенділіктің төмендігі және алкоголь сияқты әсер етеді деген қорытындыға келді.
Бір қызығы, бұл әмбебап биологиялық механизм. Тек адамдарға ғана емес, мысалы, маймылдарға да жақсы сезінуге және ұзақ өмір сүруге көмектеседі.
5. Құрбылар жақсы жаққа итермелейді
Егер сен қызықты, ақылды, түсінігі мол адамдармен қарым-қатынасты сақтауға тырыссаң, онда өзің де солай болғың келеді. Өйткені, қыздың басты досы — оның өзі. Сондықтан өзіңе сұрақ қою керек: мен күн сайын айнадан көретін ханыммен дос болғым келеді ме? Егер қандай да бір себептермен мұндай достық сені шабыттандырмаса, нені өзгерткің келетінін түсінуге тырыс.
Сарапшылар қағаз парағын алып, қазіргі кезде қандай қасиеттерді көретіндігіңді жазуды ұсынады. Тағы бір тізімге — достар сені қадай көретінін жазу керек. Өзің сенетін адамдарды жаз. Мүмкін олардың бақылаулары сен ойламаған жағынан өзіңе қарауға көмектеседі.
Өзіңді, қандай екеніңді өте шынайы бағалауың керек. Айналағыңдарды ашуландырғанжы ұнатасың ба? Қалай тыңдау керектігін білмейсің бе? Тез ашуға бой алдырасың ба? Жалқау, өзімшіл, бұйрық бергенді ұнатасың ба? Олай болса, бұл жақсы! Ешкім мінсіз емес.
Бұл тәсіл саған қандай қасиеттерді бағалауға болатындығын және қайсысын өзгерту керектігін көруге көмектеседі.
Тағы бір қадам — дамытқың келетін және нығайтқың келетін қасиеттердің тізімін қосу. Қарым-қатынас жасау жағымды адамдарды тарту үшін ғана емес, сонымен бірге өзің үшін ең жақсы дос болу үшін.
Фото: Unsplash