Мерей Әбілова қызымен суреттерін көрсетті

DA
Dara Atzhanova
07 ноября 2024

Мерей Әбілова
Instagram: @abilovva_m

Жақында ғана ана атанған отандық блогер Мерей Әбілова, кішкентай қызының суреттерін көрсетіп, өз оқырмандарын қуантты. Сәби 2 айға толды.

Қыркүйек айында блогер Мерей Әбілова мен футболшы Димаш Қашкен ата-ана атанды. Дүниеге қыз бала келді. Біраз уақыттан соң Мерей перзентханадан шыққан сәтін көрсетті. Ал, күні кеше блогер өзінің блогында отбасы үшін маңызды күнде кішкентай қызының суреттерімен бөлісті. 

«Мені ең бақытты жан қылған кішкентай жүрек. Мариямға 2 ай»,

деп жазды ол.

«Оған ана болған жарасады», «Қандай әдемі әрі нәзіксіздер. Құттықтаймыз!», «Өте әдемі, нәзік, бақытты, құттықтаймын!», «Екі ай болды ма? Қалай тез өтіп кетті», «Қандай керемет», «Әдемі ана», — деп жылы лебіздерін білдірді желі қолданушылары.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше