Аштықты алдау: аз тамақтанудың 5 оңай жолы


Фотограф: THE 5TH

Көбінесе біз қажетсіз салмақ жинаймыз, өйткені біз тамақтануды тұрақтандыра алмаймыз және үнемі зиянды тағамдарды жейміз. Бүгін біз саған қалай аз тамақтану керектігін айтамыз.

Көбірек су іш

Бұл саған шоколад пен тәтті сияқты зиянды тағамдардан арылуға және жалған аштық сезімімен күресуге көмектеседі.

Кофе іш

Өздерің білетіндей, кофеин аштық сезімін басады, сондықтан осы мүмкіндікті пайдалан. Тек шамадан тыс ішпе! Үш кеседен артық ішу дұрыс емес. 

Күніне бір салат же

Ақуызы бар салат болса жақсы — мысалы, тауықтың төс еті немесе күркетауық. Бұл саған артық тамақтанбауға мүмкіндік береді.

Протеин қосылған тіскебасарларды же

Егер әлі де тәтті нәрсе алғың келсе және ойыңа тек шоколад түссе, оны пайдалы нұсқаға ауыстырған дұрыс.

Қарапайым тағамдарды таңда

Мысалы, гарнирге арналған стейк пен көкөністер — тамаша нұсқа. Ингредиенттер неғұрлым аз болса, не және қанша тамақ жегеніңді бақылау оңайырақ болады.


Фото: Pexels

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше