
Қазақстандық орындаушы Айқын Төлепберген әлеуметтік желіде жеке өмірін сөз еткен адамдарға жауап берді. Оған «әйелін тастап кеткенін» айтты.
Айқын Instagram парақшасында әйелі Жұлдыз Өмірғали және сахнадағы әріптестерімен бірге түсірілген видео жарияланды. Әртістер шеңберге тұрып, би билеп, ән шырқады. «Бізден бір тренд болсын», — делінген постта.
Жазылған пікірлер саны көп. Жанкүйерлер шоу-бизнес өкілдерінің шеберлігіне тәнті болды. Алайда, кейбір адамдар Айқынның жеке өмірін сөз етті. Әлеуметтік желі қолданушысы: «Айқын әйелін тастап кеткеннен кейін, мүлде ұнамай қалды», — деді. Оған әнші өз жауабын берді. «Бәрі қасымда. Ешкімді тастаған жоқпын», — деді әртіс.
Фото: Instagram