Күмәнді ұтыс ойындары: Жанабыловтардың қылмыстық ісі қай сатыда

Жаз айларында автокөлік ұтысы мен «бақыт барабаны» деп аталған ұтысқа байланысты сот талқылауларынан кейін блогер Жанабыловтарға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 22 декабря 2025, 11:15
Жанабыловтар
Instagram: @elt6i

Жанабыловтардың ісі қазір қай сатыда тұрғанын нақтылау үшін Қаржылық мониторинг агенттігіне (ҚМА) ресми сұрау жолданды. Ведомство өкілдері істің мән-жайын жариялай алмайтындарын мәлімдегенімен, аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру мәліметтері заңда көзделген жағдайларды қоспағанда жария етілмейді. Осыған байланысты сұратылған ақпаратты ұсыну мүмкін емес. Сонымен қатар қазіргі уақытта іс бойынша істі дұрыс шешу үшін маңызы бар барлық мән-жайларды жан-жақты, толық әрі объективті зерттеуге бағытталған тергеу-жедел шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз», —

делінген ресми жауапта.

Еске салайық, Жанабыловтар жұбы осы жылдың 18–21 тамызы аралығында автокөлік ұтысын ұйымдастырған. Алайда уәде етілген тікелей эфирдің орнына желідегілерге құны 30 мың теңге тұратын ақылы оқу курсына сілтеме ұсынылған. Ұтысқа қатысу тек сол курсты сатып алғаннан кейін ғана мүмкін болған.

Бұл жағдай Қаржылық мониторинг агенттігінің назарын аударып, іс сотқа жолданған және бастапқыда әкімшілік іс ретінде қаралған. Қыркүйек айында сот Эльмира Төлегеноваға қатысты іс жүргізуді қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің барын негізге ала отырып тоқтатты. Материалдар ары қарай қарау үшін елорданың Экономикалық тергеу департаментіне жолданды. Дәл осындай шешім Ерболат Жанабыловқа қатысты іс бойынша да қабылданған.


Фото: Instagram

Дереккөз: NewTimes

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше