Корей жүйесі бойынша бетіңнің түрі қандай — мысық, ит, түлкі немесе қоян?

A
aigerakain
28 июня 2023

Корей жүйесі бойынша бетіңнің түрі
Instagram: @nayeonyny

Корей әншілерін немесе актерлерін әртүрлі жануарлармен салыстырғанын естіген боларсың. Бұл кездейсоқ емес, олардың бет-әлпетіне сәйкес жасалады екен. Өзіңе сәйкесін тап! 

Егер бұрын макияж жасап, оның неге сәтсіз болып шығатынын және артықшылықтарыңды көрсетпейтінін байқасаң, онда бір болжам бар. Сен әлі де бетіңнің түрін білмеуің мүмкін, сондықтан дұрыс боянбайсың. 

Егер сен өз сұлулығыңды қалай айқындау керектігін интуитивті түрде білсең, жолыңның болғаны. Жалпы, бет түрін білу тек макияжға ғана емес, сонымен қатар шаш қиюды, аксессуарларды, бас киімдерді таңдауға көмектеседі. Қысқасы, ақпарат пайдалы және әртүрлі типологиялар көп, бірақ бүгін біз азиялық нұсқа туралы айтамыз. 

Animal face type дегеніміз не?

Адамның миы соншалықты құрылымдалған, ол айналадағы барлық жаңа нәрселерді бұрыннан таныс бейнелермен салыстырады. Шығыс тұрғындары әр адамның жануарлардың бет-әлпетіне ұқсас ерекшеліктері бар екенін байқады. Осылайша олар өздерінің типологиясын адамдардың сені сырттан қалай көретініне сүйене отырып жасады.

Бастапқыда жануарлардың бет түрлері Кореяда танымал болды, содан кейін Қытай мен Жапонияға таралды. Әр мемлекетте ең тартымды болып саналатын белгілі бір түрі бар.

Ит

Мұндай бет-әлпетті адамдар сенімді, мейірімді және сүйкімді болып көрінеді. Олар әдетте өз жасынан жас көрінеді және бейкүнә болып көрінеді. Бұл түр Жапонияда өте танымал, мысал ретінде IU немесе Энн Хэтэуэй-ді атауға болады.

«Күшіктерге» сыртқы бұрыштары түсіп тұрған дөңгелек көздер, түзу қастар, дөңгелек иек, мұрын және жалпы жұмсақ бет ерекшеліктері тән.

Мысық

Кореядағы ең танымал бет түрлерінің бірі. Мұндай келбетті адамдар сенімді және өздері үшін тұра алатындай болып көрінеді. «Мысықтар» көбінесе сәл тәкаппар болып көрінеді, бірақ бұл тек бет құрылымына байланысты. Рианна мен BLACKPINK тобының мүшесі Дженниді осы санатқа жатқыза аламыз.

«Мысықтардың» ерекшеліктерінің арасында көздің өткір ішкі және көтерілген сыртқы бұрыштары бар. Олардың иектері мұрыннан пропорционалды түрде кішірек, тістері де көп жағдайда үлкен болмайды. Мұрын мысыққа ұқсайды, өйткені ол ұқыпты және қанаттары домалақтанған, қастары доғал болып келеді. 

Түлкі

Кейбір белгілердің бірдей өткірлігіне байланысты оны жиі «мысық» деп шатастырады, бірақ айырмашылықтар бар. «Түлкілер» көбіне қытайлықтарға ұнайды, өйткені олар аспан асты сұлулығаның стандарттарына сәйкес келеді және осындай ерекшеліктері бар танымал қыздар арасында ITZY тобының мүшесі Йеджи және актриса Ян Ми бар.

Беттің бұл түрін сыртқы бұрыштары көтерілген көздің ұзын және тар бөлігі арқылы тануға болады (тіпті «мысықтардан» да көп). «Түлкілердің» иектері өткір болады. Кейде олардың бет сүйектері де айқындалып тұруы мүмкін.

Қоян

Корей жүйесіндегі ең сүйкімді түрлердің бірі. «Қояндар» көңілді, жағымды бет пішінімен ерекшеленеді. Атақты адамдардың арасында бұл түрге британдық актриса Имоджен Путс пен TWICE тобының мүшесі Наён жатады.

Түрдің ең жарқын ерекшелігі — күлімсіреу, оны екі шығыңқы жоғарғы тістерге байланысты «қоян» деп атайды. Бұл сүйкімді тістер қалғандарына қарағанда сәл үлкенірек және ұзынырақ. Сонымен қатар, «қояндардың» қасы түзу, мұрны кішкентай және ерні ісіңкі кішкентай болады. 

Жылан

Мұндай келбетті суық қанды, өзіне сенімді болып көрінеді. Олардың көшбасшылық қасиеттері айқын болуы мүмкін. Бұл түрге aespa тобының мүшесі Карина және Скарлетт Йоханссон жатады.

«Жылан» төңкерілген үшбұрышқа ұқсас бас пішінімен ерекшеленеді. Осыған байланысты олардың бет сүйектері биік, өткір және мұрын көпірі жіңішке болып келеді. Сонымен қатар, бас дененің стандартты пропорцияларына қатысты кішкентай болуы мүмкін. Мұндай адамдардың ерні жіңішке, ал көздері бейтарап күйде, төмен немесе жоғары емес.

Құс

Атақты адамдар арасында ең көп таралған бет түрі емес, бірақ әлі де орны бар. Корей орындаушыларының ішінен тарап кеткен I.O.I тобының мүшесі Наен деп атауға болады, ал батыс жұлдыздарынан Натали Дайер келеді.

Бұғы 

Жүйе азиялық болғанына қарамастан, беттің ең еуропоидтық түрлерінің бірі шығар. Бұл түрдегі адамдар сабырлы, байсалды және ақылды болып көрінеді, оларға сенуге болатын сияқты. Мысал ретінде Girls' Generation тобының мүшесі Юна және Нина Добреваны алсақ болады.

«Бұғыларды» үлкен, дөңгелек көздер мен ұзын кірпіктер арқылы оңай тануға болады. Олардың беттері арық, пропорционалды болып келеді. Көздері бейтарап күйде орналасады. Сонымен қатар, жануар сияқты, «бұғылар» мойынның ұзын болуымен ерекшеленеді.

Балық

Бір қызығы, дәл осы түрді әлемдік подиумдарда жиі көреміз. «Балық» ерекшеліктері бар модельдерді дизайнерлер де өте жақсы көреді. Британдық супермодель Лили Дональдсон мен қытайлық топ-модель Мин Си-ді мысал ретінде ала аламыз. 

«Балықтар» — үлкен болып көрінетін бейтарап позициядағы көздердің иелері. Сонымен қатар, бұл көрініс толық еріндермен және айқын жақ сызығымен ерекшеленеді. «Балықтардың» тағы бір жарқын ерекшелігі — беттің ұзындығы.

Бонус: бетіңнің түрін анықтауға арналған тест 

Парақ пен қалам ал. Айна алдында отыр немесе селфи жаса, барлық бет бұлшықеттерін толығымен босат, арқаңды тік ұста. Бетіңе мұқият қарап, бірнеше сұрақтарға жауап бер (бәрін жазуды ұмытпа!).

Көзің қандай? Егер дөңгелек болса, онда A, егер кішкентай болса — B деп жаз.

Мұрын көпірінің түрі қандай? Егер төмен болса — А, ал егер жоғары болса, онда B.

Ернің қандай? Жіңішке — А, томпақ — В.

Иегің қандай пішінде? Егер дөңгелек болса, онда А деп жаз, ал өткір болса, онда В. 

Тест жауаптары

Енді нәтижелеріңді төмендегі комбинациялармен салыстыр. Бірнеше түрмен сәйкес болуы мүмкін екенін ескер.

Ит: AAAA, AABB, ABAA, ABBB, BBAA
Мысық: ABBB, BAAA, BABA, BABB
Түлкі: AAAB, ABAB, BBAB, BBBB
Жылан: AAAB, ABAB, BBAB, BBBB
Құс: AAAB, BAAB, BBAB
Бұғы: AAAA, AABB, ABAA, ABBB, BBAA
Қоян: ABAA, ABAB
Балық: ABBA, BAAA, BBBA

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше