
Есентай мен Разия ELLE Kazakhstan ютуб-арнасының жаңа жобасы «Mahabbat Quiz»-де қонақта болды.
Белгілі блогерлер сұхбат барысында таныстықтары жайлы айтып, бір-біріне қатысты сұрақтарға жауап берді.
Есентай «Разияның қандай қасиеті ұнайды?» деген сұраққа былай жауап берді: «Разия өте жайлы адам, кез-келген адаммен тіл табысады. Ол менің тек әйелім ғана емес, досым да. Кез-келген мәселелерімді айта аламын. Разиямен әрқашан қызық»
Сонымен қатар, өздерінің алғашқы саяхаттары және арақашықтық кезіндегі қарым-қатынастары жайлы бөлісті. Сұхбаттың толық нұсқасын ELLE Kazakhstan ютуб-арнасынан көруге болады.
Фото: Daniyar Amangeldiev/ @danik.13