Карина Оксукпаева мен Арман Юсупов үшінші рет ата-ана атанды — қазақстандық блогерлердің ұлдары дүниеге келді. Арман алғаш рет серіктестік босануға қатысып, оның қалай болғанын айтты.
Арман Юсупов пен Карина Оксукпаева бүгінде үш ұлдың ата-анасы. Жаңа туған нәрестенің есімін Димаш немесе Дамир деп қойғылары келген. Yuframe-нің негізін қалаушылар екінші нұсқаны таңдады.
«"Сәлем, әлем", — Дамир», — деп жазды ерлі-зайыптылар қуанышпен бөліскен посттың астына.
Кішкентай Дамирды Карина Оксукпаева 23 желтоқсанға қараған түні дүниеге алып келді. Арман Юсупов алғаш рет серіктес ретінде босануға қатысты. Жас жігіт өз әсерімен бөлісті.
«Бүкіл процесті бақылай отырып, мен Каринаға деген үлкен құрмет пен сүйіспеншілікті сезіндім, өйткені ол 9 ай бойы адам өсіріп қана қоймай, өзінің жағдайы мен денсаулығын үнемі қадағалап отырды, ол аздай операциялық үстелге жатты»,
деп айтты Юсупов.
Арман барлық ер адамдарға серіктестік босануға қатысуға кеңес беретінін атап өтті. «Алдыңғы екі босануда мен дайынға келіп, бүкіл процесін білмедім. Бұл жолы мен әке ретінде басқа деңгейге жеттім және Карина мен барша аналарға деген құрмет сезінемін», — дейді блогер.
Фото: Instagram