Карина Оксукпаева, Айым Сейтметова, Біржан Әшім және тағы басқа блогерлер қазақстандықтарды бірігуге шақырды

A
aigerakain
09 апреля 2024

Карина Оксукпаева Айым Сейтметова
Instagram: aiymsm

Отандық танымал блогерлер бірікті. Бұл жолы олар елімізде болып жатқан су апатына байланысты үндеу жариялады.

Карина Оксукпаева, Айым Сейтметова, Біржан Әшім, Мадина Мамадалиева, Say Mo, Luina және тағы да басқа әншілер мен блогерлер бас қосып, видео түсірді. Онда олар оқырмандарын бірігіп, су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесуге шақырды. 

«Қазақстандағы су тасқыны үлкен апаттарға алып келді. Көптеген адамдар үйсіз қалды. Зардап шеккендерге көмектесу үшін бірнеше ай қажет»,

деп блогерлер қайырымдылық жасауға шақырды.

Зардап шеккен аймақтарға уақытша тұруға арналған киіз үйлер және арнайы техникалар қажет. Тұрғындардың қалпына келуіне және күнделікті өмірлеріне қажет заттармен қамтамасыз ету қордың мақсаты. 

Блогерлер «Biz Birgemiz Qazaqstan» қайырымдылық қорына әр қазақстандықты қолдан келгенше көмек беруге шақырды. Және видеода өздері ақшалай көмектескенін дәлелдейтін чектерді көрсетті. 


Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше