Эколог орман өрттеріне қарсы күресте жауапты шенеуніктердің немқұрайлылығын сынға алды

от aigerakain
Опубликовано: 12 июня 2023, 13:06
Instagram: laura.malikova_ecolog

Эколог Лаура Мәлікова Абай облысындағы өрттің жай күйіне түсініктеме берді.

«Семей орманы және басқа да ормандар — мемлекеттің қорғауындағы ерекше аумақтар. Ормандарда ағаштарды отырғызу, күту және өрттен қорғау — орманшылардың міндеті. Орман өнеркәсібінде тілсіз жаудың алдын алатын технологиялар бар. Айта кету керек, 30 жыл ішінде мұндай төтенше жағдай болған жоқ. Бұл дегеніміз, мәселе жүйеде емес, экология министрлігіндегі кадрларда. Олар өз саласының ерекшеліктерін білмейді және жауапкершілікті өз мойнына алғысы келмейді»,

деді эколог.

Эколог сонымен қатар жауапты шенеуніктердің орман өрттерімен күресудегі немқұрайлылығын сынға алды.

«БҚО-да 2018 жылы дрондардың көмегімен ормандардағы ықтимал өрттердің қауіптілігін анықтауға мүмкіндік туды. Бірақ бұл жоба әлі мемлекеттік деңгейде жүйеленбеген. Өткен жылы Қостанай облысындағы өрттен кейін біз орман ішіне ауа температурасын өлшейтін құрал орнатуды ұсындық. Бұл құрылғының көмегімен ықтимал өрттердің алдын алуға болады. Орманшылар да бұл туралы айтты. Мұндағы мәселе шенеуніктердің немқұрайлылығында, олардың өз міндеттерін орындамауында»,

деп қосты ол.

Фото: Instagram

Ақпарат көзі: KAZInform

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше