Оны дайындау оңай: ол дүкеннен табуға болатын үш ингредиенттен тұрады.
Демалу үшін ішетін көптеген сусындар бар: бір стақан шарап, түймедақ шайы, какао немесе бір кесе ыстық шоколад. Бірақ, егер бұл саған тез және қатты ұйықтауға көмектеспесе, онда TikTok жаңа сусын ұсынды: «ұйқылы коктейль». Блогерлер рецептпен бөлісіп, миллион қаралым жинады.
Ол шие шырынынан, магнийден және газдалған судан жасалған. Бұл комбинация жақсы ұйықтауға көмектеседі деп мәлімдейді, ал пайдаланушылар әсерді растайды. Диетолог Дженн Стэнгленд бұл коктейль жайлы пікір білдірді.
«Сусынның негізгі ингредиенті магний болуы мүмкін. Бұл ұйқымен тікелей байланысты жүйке жүйесінің жұмысында маңызды рөл атқарады, стрессті және мазасыздықты жеңілдетуге және бұлшықеттерді босаңсытуға көмектеседі, бұл оны ұйықтар алдында қабылдауға тамаша қосымша етеді»,
деді ол.
Енді шие шырыны туралы: ол да демалуға және жақсы ұйықтауға көмектеседі, өйткені оның құрамында тәуліктік ритақ пен сау ұйқыға жауап беретін мелатонин гормоны бар. «Әрине, әсерді барлық адамдар байқамайды, бірақ бұл ұйықтауға көмектесуі мүмкін», — дейді доктор Стэнгленд.
Максималды пайда алу үшін оны ұйықтар алдында 1-2 сағат бұрын іш. Рецепт келесідей: жарты кесе шие шырыны, бір ас қасық магний ұнтағы және жарты кесе газдалған су. Дайын!
Фото: Unsplash