Ibiza core деген не және бұл стильде қалай киінуге болады?

от adminPMG
Опубликовано: 19 августа 2025, 11:25

Instagram: @emilisindlev

2025 жылы бәріміз мінсіз сән ережелеріне сай үйлестірілген аутфиттерден шаршадық. Көктемде me core стилі өзекті бола бастаса, жазда жаңа тренд — Ibiza core пайда болды.

Бұл стильді трендтегі indie sleaze бағытының жазғы нұсқасы деуге болады. Ол Ибица аралындағы атышулы кештерден шабыт алады. Сондықтан бұл стильдегі киім үлгілері — барынша жарқын әрі сәл-сәл шашыраңқы. Бұл эстетика «ең жақсы киімнің бәрін бірден киіп алуға» мүмкіндік береді. Сонда да аутфит ретсіз емес, сәнді көрінеді. Жаз ортасына қарай курорттардан шыққан Ibiza core қалалық ортаға да жетті — енді мұндай үлгілерді кештерге, құрбылармен кездесуге барғанда немесе жай серуенге де киюге болады. Бұл стильдің танымал болуының тағы бір сыры — бізден мінсіз болуды талап етпейді.

Ibiza core стилінде қалай киінуге болады?

Instagram: @itsjulialouise

Ibiza core эстетикасына сай образдар ыстық күндерге өте ыңғайлы, өйткені киімнің бәрі ашық әрі жеңіл. Бұл стильге жұқа иықбаулы денеге жабысып тұратын көйлектер және кроп-топтар өте жақсы үйлеседі. Сонымен қатар тік немесе клеш мини белдемшелер де керек. Ал егер саған жабық киім ұнайтын болса, баумен байланатын жейделерге, табиғи матадан тігілген кең шалбарларға және ұзын белдемшелерге назар аударуға болады. Айта кетейік, торлы көйлектер мен топтар бұл стильге мінсіз келеді.

Декордан бас тартпа! Бохо стиліндегі ашық түсті, желбіршек пен воланға бай киімдер, ірі пайеткалармен тігілген көйлектер мен белдемшелер, теңіз көбігіне ұқсайтын майда бүрмелері бар киімдер — бәрі де осы стиль үшін өте лайықты. Ibiza core минимализмге арналмаған!

Қандай түстерді таңдаған жөн?

Instagram: @bethwilliamsstyle

Ibiza core стиліндегі образда жарқын акценттер міндетті. Негізгі түс ахроматикалық немесе пастельді болуы мүмкін. Бірақ образды міндетті түрде жидек, теңіз немесе жеміс реңктерімен толықтыру керек. Мысалы, жүзім, апельсин, лила, көгілдір немесе ашық көк түстер өте жарасады. Сонымен қатар суреттерден де бас тартпаған жөн. Киімде тропикалық гүлдер мен теңізге байланысты өрнектер болғаны жақсы.

Instagram: @nataliezacek

Ibiza core стиліндегі киімге қандай әшекейлер керек?

Instagram: @barbarakristoffersen

Мұндай жарқын образ әшекейлерсіз толық болмайды. Образыңды толықтыру үшін тізбекті белбеу қажет. Әсіресе теңіз тақырыбындағы кулондармен безендірілген түрлері ерекше әсер қалдырады. Сондай-ақ ірі, жарқын суреттері бар жібек орамалдар керек. Оларды бас киім ретінде де, топ орнына да, белдік ретінде де тағуға болады. Сөмкесіз де болмайды: жағажай стиліндегі өрілген тоут-сөмкелер немесе ірі пайеткалармен әшекейленген шағын сөмкелер сәнді образға оңай енеді.

Ibiza core стиліне қандай аяқ киім үйлеседі?

Instagram: @chlosertoyou

Аяқ киім таңдау — бұл стильде өте оңай. Ең лайықтысы — вьетнамкалар: кәдімгі қарапайым түрлерінен бастап, өкшелі немесе платформалы нұсқаларына дейін. Егер бұндай стиль ұнамаса, сабо үлгісіндегі аяқ киімдерге назар аудар — олар да осы жаздың тренді саналады.


Фото: Instagram

Дереккөз: Grazia

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше