Хейли Бибер көзілдірік тағатындарға арнайы макияж үлгісін көрсетті

A
aigerakain
21 сентября 2023

Instagram/@haileybieber

Көзілдірікті сұлу аруларға арналған макияж үлгісі.

Көзілдірікті қыздар жиі қолайлы макияж таңдай алмай жатады. Шындығында, көзілдірік кез-келген макияжды жасырады. Бірақ нюд макияж аксессуар тағатындарға ыңғайлы. Көзілдірік тағатын болсаң күзде қалай боянған дұрыс? Хейли Бибер кеңес берді.

Модель көзді қатты боямауды ұсынады. Қабақтың терісінің өңін беттің қалған бөлігімен теңдестіру үшін қабаққа бейтарап тень немесе консилер жақ. Тушь қолданбаса да болады.

Хейли Бибер көзілдірік тағатындарға арнайы макияж
Instagram/@haileybieber

Бетке жеңіл тон мен румяна керек. Қастарды аздап тарап, қарындашпен толтыр. Ал ерніңе қоңыр реңктегі жылтырды жақ. Болды, дайын!


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше