GOT7 тобындағы БэмБэм бір ерекше кадрдан кейін жанкүйерін өзінің жеке фотографына айналдырды

A
aigerakain
19 сентября 2023

GOT7 БэмБэм
Instagram: bambam1a

Енді бұл қызға БэмБэм концерттері кезінде камерамен кіруге рұқсат.

Жасыратыны жоқ, көптеген концерттерге көрермендерге камералар әкелуге тыйым салынады. Кейбіреуі фотоға түсіріп жатқанда беттерін жабады, басқалары түсірілімнің кез-келген түріне тыйым салады.

Оңтүстік Кореяда жанкүйерлерден концерт алдында кәсіби деңгейдегі фотоаппаратты тартып алады. Осыған байланысты жанкүйерлер камераларын жасыру үшін түрлі әдіс-тәсіл қолданады. Кейбіреулер оларды аяқтарына байлап, ұзын киіммен жабады, басқалары бөлшекке бөліп сөмкелеріне салады. Ұсталған жағдайда, іс-шарадан кетуге мәжбүр болуы мүмкін.

GOT7 тобының мүшесі БэмБэм жақында Сеулде өзінің жеке концертін өткізді. Әрине, оның жанкүйерлері де суретке түсірге асық болды. Осындай жанкүйерлердің бірі прожектордың астында тұрған айдолды түсіріп алған. 

GOT7 БэмБэм
Instagram: bambam1a

БэмБэм-ге суреттің ұнағаны соншалық, ол қызға фотоаппаратты алып жүруге тыйым салатын ережені бірден «жойды». «Өтінемін, концерттер кезінде осы қыздан ешқандай камераны тартып алмаңыздаршы», — деп жазды айдол Twitter-де. Қыздың өзі концертті ұйымдастырушылар оны одан әрі түсіруге кедергі келтіруі мүмкін деген алаңдаушылығын білдірді: «Бэм, өтінемін, компанияға айтыңыз... мен шетелге барудан қорқамын...»


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше