Гүлзада Тұрлаш жаңа түскен келіндерге кеңес берді

от aigerakain
Опубликовано: 19 февраля 2024, 14:42
Instagram: gulzada_tl

Отандық танымал видеограф Қыран Талапбектің жары Гүлзада Тұрлаш желіде оқырмандарымен тілдесіп, отбасылық өмірі жайлы айтты. Ол өзін керемет келін санамайтынын мойындады.

Гүлзада Тұрлаш оқырмандарын қызықтырған сұрақтарға Instagram желісінде жауап берді. Желі қолданушыларының көбісіне арудың отбасылық өмірі қатты қызық болып шықты. «Жаңа түскен келінге беретін үш кеңесіңіз», - деп сұрады бір оқырман. Гүлзада басқа қыз-келіншектерге бұл тақырыпта кеңес бере алмайтынын бірден айтты. «Кеңес беретіндей өзімді керемет келін санамаймын. Бірақ барған жеріңізге бақыт сыйлаймын деген ниетпен баруыңызға тілектеспін», – деп жазды ол. 

Сонымен қатар, Қыран Талапбектің әйелі  «үйленбеген жігіт ажырасқан қызды ала ма?» деген сауалға да өз жауабын айтты. «Біреудің өміріне баға беріп, айыптаудың қажеті жоқ. Себебі өзіңізді немесе болашақ балаларыңызды не күтіп тұрғанын білмейсіз. Аллаға аян дүние. Мейірімді болайық! Біреудің бақытына қол сұқпай, қуана білейік!», – деп жазды актриса. 


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше