Белгілі қазақстандық видеограф Қыран Талапбектің жұбайы әлеуметтік желіде туған күніне орай берген күйеуінің қымбат сыйлығымен мақтанды.
Естеріңе сала кетейік, өткен жылдың жазында Қыран Талапбек екінші рет үйленді. Оның таңдауы Гүлзада Тұрлаш есімді қыз болды. Үйлену тойынан кейін видеограф әйеліне жаңа көлік сыйлады. Гүлзада сүйікті күйеуінің туған күнінде оны қалай қуантқанын көрсетті. Қыран сәнді зергерлік бұйымдар шығаратын әйгілі итальяндық брендтің алтын сақинасын сыйға тартты. «Рақмет, сүйіктім. Сен мені таң қалдырудан жалықпайсың», – деп жазды ол парақшасына видео жариялап.
«Маған бұл қыз ұнайды, әрқашан көңілді», «Ой, мен тағы да көлік деп ойладым», «Бақытты әйел — бақытты отбасы», – деп жазды оқырмандары.