Гүлназ Жоланова тұрмыс құрмаған қыздарға кеңес айтты

от aigerakain
Опубликовано: 19 января 2024, 11:51
Instagram: zholanova_gulnaz

Актриса Гүлназ Жоланова әлі тұрмыс құрмаған қыздарға өз ақылын айтты. Ару Instagram желісінде оқырмандарының сұрағына жауап берді.

Желі қолданушысының бірі актрисадан «30 жасқа дейін беймарал жүрдіңіз бе? Тұрмысқа шықпай қалсам не болады деген қорқыныш болмады ма?», – деп сұрады. Ал, Гүлназ мүлде ондай қорқыныш болмағанын айтты.

«Жоқ, болған жоқ. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Қыздар, олай қорқып жүргенше, қыдырыңыздар. Оқыңыздар. Демалып, саяхаттаңыздар. Өзіңізбен арпалысыңыз. Кейін оған уақыт азаяды»,

деп жауап берді.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың ақпанында Гүлназ Жолановаға құда түсіп, сырға салынғаны белгілі болды. Қуанышты хабармен Ерке Есмахан бөліскен болатын. Кейінірек желіде Жоланованың күйеуінің кім екені жайлы ақпарат тарады.

inbusiness.kz сайтының мәліметінше, Гүлназ Жоланованың жолдасы белгілі кәсіпкер Мұхтар Тойбазаровтың ұлы. Гүлназ Жоланованың күйеуінің әкесі — мейрамханалар желісінің иесі, белгілі кәсіпкер Мұхтар Тойбазаров. Өскемен қаласындағы бірнеше мейрамхана мен қонақ үйлердің иесі. 

Біраз уақыттан кейін актриса әлеуметтік желіде үйлену тойының естелігін жариялады.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше