Евгений Чебатков кинода зұлымның рөлін сомдамақ

A
aigerakain
19 апреля 2023

Евгений Чебатков «Майор Гром: Игра»
Instagram: @chebatkov_yevgeniy

Қазақстандық стендап-сықақшы Евгений Чебатков «Майор Гром: Игра»фильмінде банданың түрме жетекшісі рөлін содамақ. Бұл оның кинодағы алғашқы рөлі.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, зұлымның рөлін сомдау үшін Евгений түсірілімге кіріспес бұрын, гриммер креслосында екі сағаттан астам уақыт өткізген, онда ол пластикалық макияж жасатып, бет контурын өзгертті, алтын тіс салып, бетке татуировка жасатты.

«Режиссер маған қоңырау шалып, бірден: «Қарақшы боласың ба?» – деп сұрады. Әрине, мен келістім. Біз бірге кейіпкерімнің ерекшеліктерін, оның көңіл-күйі мен жаргонын ойлап таптық, маған кейіпкерімнің диалогына кірісуге рұқсат етілді»,

деді ол.

Сондай-ақ, Чебаков өзінің Instagram-дағы аккаунтында пост салып, жаңалықпен оқырмандарымен бөлісіп, хабарлама жазды.

«Міне, шашымды тақырлап алуымның себебін түсіндіретін кез келді. «Майор Гром: Игра» фильмінде зұлымның рөлін сомдаймын. Барлық қатысушыларға тағзым. Осындай тәжірибе үшін қуаныштымын»,

деп жазды ол.

Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше