Қазақстандық актер Еркебұлан Тоқтар Мальдив аралдарында демалыс өткізуде — 28 жастағы жігіт мұхит жағасында керемет дене бітімімен мақтанды.
«Женатый холостяк» және «Бишарашки» фильмдерінің жұлдызы Instagram желісіндегі жаңа фотосуреттерде аралда күнге әдемі күйген денесін көрсетті.
Актердің шығармашылығының жанкүйерлері демалысқа Еркебұлан кіммен барғанын болжай бастады. Тіпті біреу оны аты аңызға айналған португалдық футболшы Криштиану Роналдумен салыстырды. «Сіз онда қандай қызбен жүрсіз?», «Ұят қайда, сен қазақтың жігітісің», «Жақсы демалыс өткіз», «Ол жалғыз кетті ме деп ойлаймын», «Криштиану Тоқтар», – деп жазды оқырмандары.
Фото: Instagram