Ерке Есмахан сахнаға екінші баласы дүниеге келгеннен кейін алғаш рет шықты — әнші Instagram-да өнер көрсетуінің үзіндісін жариялады. Көрермендер залында оны отбасы мүшелері қолдады.
Ерке Есмаханды декреттен кейін алғаш сахнаға шыққанда жұбайы мен оның үлкен ұлы Муслим қолдауға келді — екеуі қызыл кілеммен жүрді. RaiM сүйікті әйеліне киім ауыстыратын бөлмеге өз қолымен жылы тілек жазып, кофе әкелді. «Жаным, сәттілік! Сен үздіксің!», – деп жазды кофе шыныаяқындағы жазуда.
Шоуға көйлек таңдағанда Ерке креативті ойланды — ол жабық ақ көйлек киді, алайда жеңдері мен бас киіміндегі үлкен қауырсындар, Мадонна стиліндегі темір корсет аутфиттің негізгі артықшылығы болды. Сахна артындағы фотосуреттер мен видеоларда стильді киімді жақыннан көре аласың.
Сондай-ақ, әнші шоу-мюзиклде орындаған әнінің үзіндісін жариялады.
«Декретте 3 ай ғана отырған, толған айдай ән шырқаған Еркеге әу деп қойыңыздар»,– деп жазды Ерке инста парақшасында.
Бір күннің ішінде пост бес мыңға жуық пікір жинады — қазақстандықтар әртісті керемет образы мен тамаша вокалы үшін мақтады.