Ерке Есмахан Instagram-да «сұрақ-жауап» айдарын өткізді — жанкүйерлер әншіден пластикалық операциялар туралы сұрады, сонымен қатар күйеуімен жас айырмашылығы тақырыбын қайта қозғады.
Ерке күйеуі RaiM екеуінің арасындағы 12 жас айырмашылық туралы жағымсыз сұрақтарға жауап беріп келеді. Бұл жолы Есмахан 45 жастағы «ешқашан өзінен кіші адамға тұрмысқа шықпас едім» деген оқырманның сөздеріне басқаша жауап қатты.
«Суретіңізді көрсетіп қатты ренжітпейін. Парақшаңызға қарадым, жас жігіттер де сізге жол бермей үйленейік, алып қашамын, сүйдім, күйдім деп жатқан жоқ-ау. Болып жатса үлкенді күтпей тиіп алыңыз. Жалғыз болып отыра бермеңіз.
Негізі әлі жас айырмашылықты сөз ететіндерді түсінбеймін. Өмірде қанша қорқынышты нәрселер бар. Маңыздысы жас емес махаббат екенін түсінбедіңіздер ме?»
деп жазды Ерке.
Сондай-ақ, әншіден нәзік дауысымен боқ ауыз сөз айта ма деп сұрады. Есмахан күліп, нәзік дауыс балағат сөздерді қолдануға кедергі емес екенін айтты.
Оқырмандар әншінің сыртқы келбетіне де қызығушылық танытты. Ерке жасынан жас көрінуім керек деген мақсаты жоқ екенін атап өтті. «Мен үшін ең бастысы — өз жасым үшін жақсы күтім жасау, әйелдік энергиям жақсы және сау болу. Ал күйеуіме сүйікті болу», – деп қорытындылады Есмахан.
Оқырмандардың бірі жұлдыздың бетіне қанша рет пластикалық операция жасағанын сұрады. Ерке мұндай әңгімелерді өз комплекстерін жұбатқысы келетіндер ғана жазады деп санайды.
«Көңіліңді түсірейін, бетіме ештеңе жасатпағанмын, Құдай куә және күйеуім куә. Кішкентай қыз болдым, бой жеттім, есейіп ару болып әдемілендім. Ана болып әрлендім. Өзіме қатты күтім жасаймын. Табиғатты пластикаға жатқызу қате»,
деп жазды әнші.
Фото: Instagram