Ерке Есмахан демалыста «хаус-тур» жасады: ол оқырмандарына Мальдив аралдарында отбасымен бірге демалатын вилланы көрсетті.
Ерке Есмахан Мальдив аралдарындағы отбасылық демалыс туралы мәліметтермен бөлісуді жалғастыруда. Бүгін әнші оқырмандарына отбасымен бірге келген жаңа вилланы көрсетті — Есмаханның айтуынша, олар демалыстың соңына дейін сонда тұрады.
«Мальдив аралдарына 7 адам болып келдік. Келгеннен бері біз судың үстіндегі үйде тұрдық, одан жеке вилламыз болды. Бүгін күйеуім бәріміз бірге тұрайық деп 3 бөлмелі вилланы жалға алды. Енді кеткенше сонда тұрамыз»,
деді Ерке.
Кадрларда бөлмеде табиғи жарық өте көп екенін көруге болады — дивандары мен теледидары бар үлкен зал, мастер-жатын бөлме, сонымен қатар бөлек және екі қабатты кереуеттері бар балалар бөлмесі. Ашық душ қабылдауға немесе ыстық ваннаға шомылуға болады.
Фото: