Ерке Есмахан махрге не сұрағанын айтты

от aigerakain
Опубликовано: 22 февраля 2024, 09:59
Instagram: erke_esmahan

Instagram-да жанкүйерлердің сұрақтарына жауап бере отырып, Ерке Есмахан бірнеше қызықты фактілерді айтты. Сұрақтардың бірі әнші үйлену алдында сұраған махрге қатысты болды. 

«Қайда» хитінің орындаушысы лайфхакпен бөлісті — Ерке жанкүйерлеріне онымен қалай фотоға түсуге болатынын айтты. 

«Суретке түскілеріңіз келсе, наурыз айында болатын концерттерге келіңіздер. Бір лайфхак айтайын, концертке гүлмен келіңіздер. Гүлді сыйлар кезде фотоға түсесіздер»,

деді Ерке күліп. 

Әншінің айтуынша, ол да, оның жұбайы RaiM да белсенді түрде жаңа әндер жазып жатыр, сондықтан релиздің ауылы алыс емес. Неке тақырыбын қозғай отырып, жанкүйерлердің бірі Еркенің махрге не сұрағанын білгісі келді.

 «Махр деген тренд пе қазірге заманда? Мен жолдасымның жылқылары болған соң, бір ақ тұлпар сұрағанмын. Ақшасын берді»,

деді Ерке Есмахан.

Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше