«Елді таңдап қойдық»: Ерке мен Raim шетелде үй сатып алуды шешті

от aigerakain
Опубликовано: 11 октября 2023, 12:39
Ерке мен Raim шетелде үй сатып алуды шешті
Instagram Stories/ erke_esmahan

Қазақстандық әнші Ерке Есмахан Instagram желісінде жұбайымен бірге шетелде жылжымайтын мүлік сатып алуды шешкенін айтты. Олар пәтердің қай елде болатынын таңдап қойған. 

Ерке тағы да «сұрақ-жауап» айдарын өткізді. Оның оқырмандарының бірі жасы 40-тан асқанына қарамастан әдемі екенін айтты. 

«Мен әлі 40-қа келмедім. Әлі уақыт бар. Ешкім өмір бойы 18 жаста болып қала  алмайды. Жасқа тисе берген не бәле осы? Алла бұйырса, 80 90-ға келейін, немере, шөберелерімнің ортасында Раймбек шалыммен отырайын шәй ішіп»,

деп жауап берді. 

Ал кейбіреулер ерлі-зайыптылардың шетелде тұруға ниеті бар ма деп сұрады. 

«Күйеуім жазда Алматыдан жер үй аламын деп,онымен ол ойдан қайттық. Ақылдаса келе, бір Қазақстанда бар, 2 ші үйді шетелден алайық дее шештік. Елді таңдап қойдық. Түбегейлі көшіп кетпесекте, барып айлап тұратын боламыз. Ол күнде алыс емес»,

деді Ерке. 
Ерке мен Raim шетелде үй сатып алуды шешті
Instagram Stories/ erke_esmahan

Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше