Екінші рет ана атанған Мақпал Исабекова ауруханаға түсті

A
aigerakain
15 июля 2024

Мақпал Исабекова ауруханаға түсті
Instagram: makosyai

Жақында ғана екінші рет ана атанып, перзентханадан шыққан Мақпал Исабекова ауруханаға түсіп қалды. Әншінің қан қысымы көтеріліп кеткен.

Қызды болған Мақпал Исабекова Instagram желісінде оқырмандарымен байланысқа шығып, қазіргі жағдайы жайлы айтты. Шоу-бизнес өкілі перзентханадан шыға салысымен ауруханаға түскен. 

«Үйге оралғанымыз осы еді мен қайта ауруханаға түстім. Қан қысымым жоғарылап кеткен. Жағдай қайталанып жатыр», — деп жазды әнші. Сонымен қатар Мақпал жолдасына қатысты қауесеттерге жауап берді. Оның айтуынша, күйеуі бес күн бойы перзентханада қасында болған. «Бұрынғы күйеуім бес күн бойы перзентханада қасымда болды. Қызымызды бірінші болып сол кісінің кеудесіне басты», — деп жазды Исабекова.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше