Джиу-джитсудан қазақстандық чемпион өз мақсаттарына қалай жетуге болатынын айтты


Гүлжан Накипова
Instagram: @g_nakipova

Қазақстандық джиу-джитсу споршысы Гүлжан Накипова жанкүйерлерімен өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, чемпиондық белбеуге апаратын қиын жол туралы айтып берді.

Бразилиялық джиу-джитсудан спорт шебері 2021 жылы Абу-Дабиде кәсіпқойлар арасында әлем чемпионы атанды. Сұлу спортшының айтуынша, оның «сәттілік формуласы» бар.

«Мен жетінші әрекеттен әлем чемпионы болдым. Іріктеулерден өтпей қалатынмын, алтынға бір қадам қалғанда ұшып кететінмін, кейде, тіпті, ширек финалға жете алмадым. Әрине, мен ренжідім. Бірақ, әрқашан өзіме жетемін деген үмітпен өмір сүрдім. Бұл мақсат іс-әрекеттермен нығайтылды. Белсенді жаттығулар, бір техниканы шексіз қайталау, режим, тәртіп, туыстардың қолдауы. Мұның бәрі біріге келе, жеңіске әкелді. Бұл формуланы басқа салаларда да қолдануға болады.

Біз назар аударатын жерде энергиямыз бар. Қалаған нәрсеге көбірек көңіл бөлген сайын, оған жақынырақ боламыз. Ештеңе жұмыс істемейтін сияқты көрінетін күндер болатыны сөзсіз, бірақ бұл елес.

Егер сен арманға қарай әрекет жасасаң, онда оған 60-70 пайыз ықтималдылықпен қол жеткізілед. Ойлап қарасақ, бұл аз емес. Баршаңа өнімді және бақытты апта тілеймін»,

деді Накипова өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Накипованың активінде Абу-Дабидегі дүниежүзілік чемпионаттың алтын медалі (БАӘ, 2017), Екі Arlan Grip Selection-нің чемпиондық жеңісі (2016, 2017) және Лос-Анджелестегі әлем чемпионатындағы үшінші орын (АҚШ, 2017) бар.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше