
Қазақстандық блогер, бизнесмен, «Холостяк» шоуының қатысушысы Димаш Әділет әкесін туған күнімен құттықтап, отбасылық суреттерін көрсетті.
Димаш өзінің инста парақшасында отбасылық альбомдағы суреттерді жариялады. Ол әкесін 50 жасқа толуымен құттықтады. «Бүгін мен әрқашан үлгі алатын жалғыз адам әкемнің мерейтойы. Ең жақсы әке, жауапты отбасылық адам, арқа сүйер жар, қуатты кәсіпкер, адал адам және нағыз ер азамат», – деп атап өтті блогер.
Ол өзінің керемет отбасы үшін тағдырға ризашылығын білдірді.
«Мен осындай әкем, осындай ата-анам және осындай отбасым бар екеніне өмірге ризамын. Ең алдымен, бұл менің әкемнің ер адам ретіндегі еңбегі. Ол үшін отбасы әрқашан бірінші орында. Әр күн сайын таңертең отбасы үшін тұрып, өмір оған қандай қиындықтар туғызса да, тек алға ұмтылатын адам. Әрқашан өз отбасын қорғайтын жан. Кез-келген мәселенің шешімін табатын және өмірде ешқашан жолдан адасуға жол бермейтін адам. Әке, туған күніңмен! Ұзақ, ұзақ, ұзақ және бақытты өмір тілеймін! Сен әрқашан балаларыңмен мақтанасың деп үміттенемін! Мен сені жақсы көремін»,
деп жазды ол.


«Ұлы үлгі алатын әке болған керемет», «Әдемі отбасы, ең әдемі ата-ана! Ұлдары да дәл сондай», «Сіз әкеңіздің көшірмесісіз», «Анаң мен әкең бір-біріне қатты ұқсайды», – деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.
Фото: Instagram