Димаш Құдайберген су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге шақырды

A
aigerakain
01 апреля 2024

Димаш Құдайберген су тасқыны
Instagram: kudaibergenov.dimash

Димаш Құдайберген Қазақстандағы су тасқыны жағдайы туралы айтты. Әлемге әйгілі орындаушы су тасқыны салдарынан қиындыққа тап болған адамдарға көмектесуге шақырды.

Димаш Құдайберген Instagram парақшасында өзі дүниеге келген Ақтөбе облысындағы су тасқынының суреттері мен видеоларын жариялады.

«Наурыздың соңғы күндері күн күрт жылынып, Ақтөбе облысы аймағында және еліміздің тағы бірқатар өңірлерінде тез еріген қар суы қарқынды түрде сай-саланы толтырып, көлік жолдарын шайып, бірнеше елдімекендерді су басыпты. Көптеген отбасылардың баспанасы тұруға жарамсыз болып қалған. Ақтөбе аймағында өзендердегі мұз еріп, су қоймаларындағы су деңгейінің көтеріліп, өзендердің арнасынан асу қаупі жоғары екен. Мұның себеп, салдарын құзырлы мекемелер анықтап, мәселенің түйінін шешу жолдарын іздестіре жатар. Мемлекет тарапынан үйлерін су шайып кетіп, далада қалған ағайынға толыққанды көмек көрсетілетініне сенім мол. Тап қазіргі сәтте қиналғанға қол ұшын созу ең басты парыз. «От пен су — тілсіз жау» – қысылтаяң сәтте бауырларымызға қол ұшын созып, бірлігімізді көрсетейік, ағайын!»,

деп жазды әнші. 

Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше