
Қазақстандық әртіс Димаш Құдайберген су тасқынынан зардап шеккен туған жері Ақтөбеге келді. Ол өзінің қолдауын білдіру үшін жергілікті тұрғындармен кездесті.
«Бүгін Ақтөбеге келіп, судан зардап шеккен тұрғындарымен кездестім. Оларға қиындықты еңсеруде мықты болуға шақырып, күшіміз бірлікте екенін айттым.
Сонымен қатар, қалада ашылған гуманитарлық көмекті үйлестіру орталығына барып, ерікті жастармен кездесіп, алғысымды білдірдім»,
деп жазды Димаш инста парақшасында.
Бұған дейін Димаш Құдайберген Қазақстандағы су тасқыны жағдайы туралы айтқан болатын. Әнші су тасқыны салдарынан қиындыққа тап болған адамдарға көмектесуге шақырды.
Фото: Instagram