Димаш Құдайберген кумирімен жолықты

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген «Виртуоздар» таланттар шоуының қазылар алқасының құрамына кірді.

АА
Арайлым Ақан
29 января 2025

Димаш Құдайберген
Instagram: @kudaibergenov.dimash
Димаш Құдайберген кумирімен жолықты

Instagram: @kudaibergenov.dimash

Әртіс түсірілімнен жаңа фото жариялады. Әншінің жанында операның аңызына айналған адам отыр.

«Қазіргі уақытта біз әлемнің ең үздік классикалық орындаушылары қатысатын «Virtuosos» шоуының түсірілімін жүргізіп жатырмыз. Бұл жобада біз жер бетіндегі ең мықты виртуоздарды бағалаймыз. Мен тарихтағы ең көп сатылған үш тенордың біреуімен бірге қазылар алқасының құрамында жұмыс істегеніме өте қуаныштымын. Балалық шағымнан бері Пласидо Доминго, Хосе Каррерас және марқұм Лучано Павароттиден құралған «Үш тенор» концерттерін көрген сайын, олардың әрқайсысына ерекше тәнті болатынмын. Мен маэстро Хосе Каррерасқа әртіс ретіндегі дамуымда қосқан үлесі үшін алғысымды білдіремін. Ұзақ және бақытты ғұмыр сүріңіз, аңыз адам!»,

деп жазды Димаш әлеуметтік желіде.

Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше