Қазақстандық музыка әуесқойларына Dequine деген атпен танымал Данеля Садықова Instagram парақшасында Балидегі демалыстағы суреттерімен бөлісті. Әнші фотоларға ашық образбен түсті.
Dequine өзінің туған күнін атап өту үшін Балиге ұшып кетті — 2 қаңтарда қазақстандық әртіс 24 жасқа толды. Ару қуанышты оқиғаны тортпен атап өтті, ал сыйлықтардың бірі ретінде раушан жапырақшаларынан «кілем» алды, онда «Тағдыр сені жақсы көреді» деген жазу бар. Данела мұның бәрін суретке түсіріп, Instagram-дағы жанкүйерлеріне көрсетті.
«Айдаһар жылы туылғандардың маусымы. 24!», — деген жазба қалдырды туған күн иесі. Ыстық фотосуреттер 15 мыңнан аса лайк жинады.
Dequine 2000 жылы 2 қаңтарда Ақтөбеде дүниеге келген. Ол ағылшын тілін оқып, саяси пікірталастарға белсенді қатысты, кітап оқыды және спортпен айналысты. 13 жасында ол Instagram-да Jah Khalib әніне кавеп жариялады, содан кейін көпшілік тани бастады.
2018 жылы Dequine «Пьяная вишня» атты дебюттік мини-альбомын шығарды. Бір жылдан кейін ол «Песни на ТНТ» жобасына қатысты, бірақ келісімшарттың шарттарымен танысып, продюсерге қатыспайтынын мәлімдеген. Ол ақша үшін жеке басын жоғалтқысы келмеді.
2019 жылдың соңында Dequine Warner лейблымен Labum альбомын шығаруға келісімшартқа отырды. Үнтаспаға «Шрамы», «Убью», «Жива», «Фемида» және т.б әндер кірді. Туындыларды жазуға M'Dee және Али Есімов көмектескен.
Фото: Instagram