
Pexels: Pavel Danilyuk
Телеарнаның мәліметінше, олардың жартысы босанған, 45-і түрлі себептермен аборт жасатқан.
Өткен жылы 127 оқушы тіркелді. Жаға ұстатарлық статистиканың шыңы 2021 жылы болды, ол уақытта 200-ге жуық кәмелетке толмаған қыздардың аяғы ауыр болды.
«Жасөспірім қыздар көбінесе ата-аналарынан қорқып, аборт жасатуға жүгінеді. Бұл көптеген салдарға әкеледі. Біріншіден, әйелдің репродуктивті органдарындағы қабыну процесіне: жатырда, түтіктерде және аналық бездерде. Екіншіден, бұл бедеулікке әкелуі мүмкін»,
деді акушер-гинеколог Әйгерім Қайратқызы.
Физикалық қиындықтардан бөлек, жас аналарда психикалық бұзылулар болуы мүмкін. Жасөспірім өзінің жағдайына байланысты қоғамға бейімделе алмайды. Моральдық және материалдық қиындықтар үлкен әсер етеді.
«Егер қыз әкесіз өссе, яғни әкелік махаббат жетіспейді. Ол бұл жылуды басқа ер адамдардан іздейді. Ересектер қалағанын алдамшы жолмен ала алады, ал қыз осындай жағдайда жалғыз қалады»,
деп атап өтті психолог Гүлвира Нұрсұлтанқызы.
Облыс бойынша барлығы жеті жарым мыңнан астам әйелдің аяғы ауыр. Олардың арасында өте жас болашақ аналар бар. Жасөспірімдердің жүктілік фактілері көбінесе Жылыой ауданында және Атырауда тіркелген.
Фото: Pexels
Дереккөз: Almaty.tv