
Қазақстандық блогерлер Дархан Жолшыбеков пен Daricorn деген атпен танымал Дариға Нұркеева отбасыларындағы қуанышты жаңалықпен бөлісті. Олар екінші рет ата-ана атанды.
Қараша айында блогерлер гендер пати өткізген болатын. Енді олар қызының дүниеге келгені туралы хабарлады. «Қош келдің, қызым», - деп жазды Дархан мен Дариға Instagram-да.
«Құттықтаймыз, «Қандай сүйкімді», «Дені сау болсын», «Жаным, сондай тәтті», «Плюс бір ханшайым», «Кеше ғана олар гендер пати жасап еді, уақыт қалай тез өтеді», — деп пікір қалдырып жатты оқырмандар.
Бұған дейін Дархан Жолшыбеков Дариғаға кабриолет сатып берген болатын. Блогер жүкті әйелінің 25 жасқа толуына орай 1001 раушан гүлін сыйлады және отшашумен таң қалдырды. Айта кетейік, Дархан анасының арманын орындап, ата-анасына Алматыдан пәтер сыйлады.
Фото: Instagram