«Элита» және «Қағаз үй» жобаларының жұлдызы Мигель Эрран Қазақстанға сәлем жолдады

A
aigerakain
04 декабря 2024

Мигель Эрран

Instagram: @miguel.g.herran

Қазір Испанияда Netflix түсірілімінде жүрген қазақстандық актриса Дина Тасболатова испандық әріптестерімен бейне жазба жариялады — олар елімізге сәлем жолдады.

Мигель Эрран Дина Тасболатованың түсірілім алаңында әріптесі болды. «Қағаз үй» және «Элита» сериалдары арқылы көрерменге танымал актер біздің еліміздегі жанкүйерлерге жылы лебізін білдірді.

«Сәлем, Қазақстан! Уф, мен фильм туралы не айта аламын? Бұл өте қиын болады»,

деп мойындады ол.

Сондай-ақ, Дина түсірілім алаңындағы басқа адамдарға да қазақстандық тәтті сыйлады. Испандықтар камераға күліп, «Сәлем, Қазақстан» деп айтуға тырысты.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше