BTS тобындағы V "For Us" әніне бейнебаян шығарды 

A
aigerakain
19 сентября 2023

BTS тобындағы V For Us әніне бейнебаян шығарды
Instagram: thv

Трек оңтүстік кореялық айдолдың дебюттік жеке альбомына енді.

Әйгілі оңтүстік кореялық BTS тобының вокалисті V "For Us" әніне клип шығарды. Композиция "Layover" атты дебюттік жеке альбомына енді.

Музыкалық бейнебаян алдыңғы клиптердің үзінділерінен және сахна артындағы деректі кадрлардан тұрады. V-дің айтуынша, жаңа альбомда ол тыңдаушыға мүлдем басқа жағынан ашылады.

Еске сала кетейік, V бұған дейін "Rainy Days" синглімен және оның бейнебаянымен бөліскен болатын. 


Фото: Instagram/ thv

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше