BTS тобындағы Чонгук жарнамалық түсірілімде жарақат алды

от aigerakain
Опубликовано: 03 октября 2023, 12:27
Фото: Wonjae Lee/ Calvin Klein

Жанкүйерлер жақында айдолдың Weverse-тегі тікелей эфирінен кейін алаңдап қалды.

Чонгук 27 шілдеде Weverse-те жатын бөлмесінен тікелей эфирге шыққан болатын. ARMY айдолдың оң иығындағы тыртықты байқап қалды. 30 шілдеде жариялаған суреттерден де тыртықты анық байқауға болды. Чонгук жанкүйерлеріне бәрін кейінірек айтамын деп уәде берді және сөзінде тұрды.

Екі айдан сәл астам уақыт өткен соң, Чонгук американдық рэпер Джек Харлоумен бірге өзінің жаңа «3D» әніне арналған Stationhead-те стрим-кештер сериясын өткізді. Сол кештің бірінде Чонгук жарақат Calvin Klein- ге арналған жарнамалық түсірілім кезінде болғанын айтты.

Фотосессияның бір бөлігі автотұрақта өтті. Чонгук түсірілім кезінде автотұрақ гаражында жүгіргенін және жердің тайғақ болуына байланысты құлап қалғанын айтты. Сол кезде иығын жарақаттап алған. Макнэ қазір бәрі жақсы және «толық жазылып кетті» деп қосты, содан кейін ол жанкүйерлеріне «мұндай жағдайлар болады» деп түсіндірді.


Фото: Courtesy of Calvin Klein

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше