Тэхённің жаңа рөлін асыға күтудеміз.
Ви өзінің достары Пак Со Джун және Пак Хен Шикпен бірге «Хвар» тарихи драмасында пайда болғаннан бері ARMY одан жаңа рөлдерді асыға күтті. Қазір Тэхен жанкүйерлерді әртүрлі контенттермен қуантады: музыкалық бейнелер, деректі фильмдер және ойын-сауық шоулары. Бірақ ол киноға оралуға асықпайды! Әрине, ол «Хваранға» ғана емес, «Итэвон класс» тағы да басқа кино, сериалдарға саундтректер жазды.
Біраз уақыт бұрын Ви драмалардың актерлік құрамына, соның ішінде «Кальмар ойынды» фильмінің екінші маусымына қосылады деген қауесет тарады. Ол Rolling Stone журналына берген сұхбатында болашақта ең қатты ойнағысы келетін рөлі туралы айтты.
Сұхбат беруші одан оны киноға не қызықтыратынын сұрады. Ви өзінің үлкен фильмдеплі жақсы көретітін және антагонистерге жиі қызығатынын айтты. Айдол көптеген фильмдерде зұлымдардың шешуші рөл атқаратынын, оқиғадан бастап кейіпкерлер арасындағы химияға дейін әсер ететінін түсіндірді. Тэхеннің зұлым кейіпкерлерге деген қызығушылығы соншалық, ол бір күні олардың бірін ойнауға үміттенеді. Енді бұл оның мақсаты.
Олай болса, Ви өзінің арманын орындап, киноға орала алады деп үміттенемін.
Фото: Instagram