
BTS-тегі Ви «Dingo Story» YouTube арнасында жанкүйерлермен кездеседі.
31 тамызда сағат 18.00-де (KST) Ви Dingo-ның «You’veWorked Hard Today Too 2023» шоуының 20-бөлімінде пайда болады.
«You've Worked Today Too 2023» шоуында «Dingo Story»продюсерлік тобы жанкүйер үшін сүйікті атақты адаммен тосын кездесу ұйымдастырады. Отбасы мүшесі немесе досы қиындықтардан өтіп жатқан жақын адамы туралы айтып, бағдарламаға сұраныс жібереді. Қонақ жұлдыз күнді сол адаммен өткізеді және оны қолдайды.
Шоудың сюжеті бойынша Ви жанкүйермен тосын кездесу өткізеді.
BTS мүшесі «Pixid» YouTube арнасында да пайда болады.
Еске сала кетейік, Видің «Layover» жеке альбомы 8 қыркүйекте жарық көрмек.
Фото: Instagram