BTS-тегі қай орындаушы 2023 жылдың K-Pop вокалисті атанды?

от aigerakain
Опубликовано: 29 июня 2023, 13:36
Фото: Instagram/ bts.bighitofficial

Өте танымал BTS ерлер тобының мүшесі Чимин «2023 жылдың үздік 100 K-Pop вокалистері» рейтингінде бірінші орынды иеленді.

«2023 жылдың үздік 100 K-Pop вокалистері» сауалнамасын Dabeme pop жаһандық сауалнама сайты жүргізді. Жанкүйерлердің пікірінше, жүздеген K-pop әртістерінің ішіндегі ең жақсы вокалистті анықтауға бағытталған дауыс беру 2023 жылдың 25 мамыры мен 19 маусымы аралығында өтті.

Айта кетейік, бұрын Чимин Shining Awards-та «2022 жылдың үздік K-Pop вокалисті» атағы үшін күресте жеңіске жетті, сонымен қатар «Керемет вокалы бар данышпан жұлдыз» және «K-pop-тағы вокал патшасы» атанған болатын.

Фото: Courtesy of Tiffany & Co

Фото: Instagram

Ақпарат көзі: YesAsia

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше