
Tiffany & Co, Tiffany Locks коллекциясының кеңеюі туралы хабарлады. Жаңа туындыларды жасау кезінде зергерлік үй брендтің амбассадоры — Розэден шабыт алған.
Коллекция құрамына кулондар, сақиналар, білезіктер мен сырғалар кірді. Барлық бұйымдар қызғылт алтыннан жасалған және сирек кездесетін қызғылт сапфирлермен көмкерілген.
«Tiffany & Co. капсуласының шабыт көзі болу мен үшін үлкен мәртебе. Шеберлердің әйгілі Lock топтамасын қайта жаңғыртуы қуантады. Бұл жобаны өз жанкүйерлеріммен және зергерлік үйдің жанкүйерлерімен бөлісуге қуаныштымын»,
деді Розэ.

Tiffany & Co. Бейонсемен бірлесіп зергерлік бұйымдар топтамасын ұсынғанын да еске сала кетейік.
Фото: Courtesy of Tiffany & Co.