Енді барлығы түсініктірек бола бастады.
Дженни өзінің жеке лейблын ашқанын жариялағаннан кейін, жоспарлар және басқа мүшелер туралы жаңалықтар пайда болуда. Бұл жолы біз Джисудан көптен күткен апдейттер алдық.
Барлық BLACKPINK мүшелері YG Entertainment-пен жеке келісімшарттарын жаңартудан бас тартқаннан кейін, олардың жеке тағдыры жанкүйерлер үшін басты жұмбақ болды.
Жақында корейлік БАҚ-та Джису өзінің ағасының агенттігі Blissoo-мен жеке шығармашылығы туралы келісімшартқа қол қойғаны туралы жаңалықтар пайда болды. Бұл Biomom Inc құрамына кіретін ойын-сауық стартапы, тағамға және биоактивті қоспаларға мамандандырылған.
Қауесет Blissoo жаңа қызметкерлерді табу туралы пост жариялап, оған Джисудың суретін қосқаннан кейін пайда болды.
Дегенмен, әлі ешкім серіктестікті бастау туралы ресми мәлімдеме жасаған жоқ, бірақ кампания өкілі «компанияның Джисумен қарым-қатынасын анықтау өте қиын» деп мәлімдеді.
Естеріңе сала кетейік, Дженни өзінің ODDATELIER лейблымен жұмыс істейтіні белгілі болды, ал Лиса көбіне актерлік мансапқа назар аударуы мүмкін. Розэ студиядан фотосуреттермен бөлісе отырып, comeback жасайтынын меңзейтіндей. Жалпы, 2024 жыл қыздардың тосын сыйларына бай болады.
Фото: Instagram