
Біреулер анасын ең жақын досы ретінде атай алады, ал кейбіреулер ата-анасымен шешілмеген дауларға байланысты жастық шақты еске түсірмеуді жөн көреді. Отбасымен қарым-қатынастың оң және теріс тәжірибесі жеке адамға әсерін тигізеді, ересек өмірде білінеді.
Төменде адамды балалық шағында жақсы көрмегенін түсінуге болатын бес белгі.
Тәуелсіздік
Тәуелсіздігің үшін мақтану — бұл көбінесе ата-ананың үйінен тезірек кетуге деген ниеттен бастау алатын қасиет, өйткені туыстары мүлдем жақын болып көрінбейді, керісінше, әлемдегі ең нашар түсінетін адамдар ретінде қабылданады. Мұндай жағдайда бала қиындықтарды өзі шешуге дағдыланады және көмек сұрамау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Егер бұл сенің отбасыңда болса, бұл мансапқа теріс әсер етуі мүмкін екенін ескер: мұндай тәрбие топтық жұмысқа қабілетсіздікті тудырады және таныстарыңнан жақсы жұмыс ұсынысын алуға мүмкіндік бермейді — бәріне өз бетіңше қол жеткізу маңызды болып көрінеді.
Өзіңді төмендету
Кейде мұңаю болу қалыпты жағдай, бірақ егер өзіңді себепсіз үнемі бақытсыз сезінсең, бұл үлкен мәселе болуы мүмкін. Бәрі дұрыс сияқты, бірақ бір жағынан, махаббатты қалайсың, екінші жағынан, оған лайық емес деп ойлайсың, өйткені отбасыңда өзіңе жақсы қарым-қатынасқа лайық емес екеніңді түсіндің.

Білгішсіну
Әр әрекет үшін ұятты, кінәні сезіну мақтау мен мақұлдауды жиі көрмегендерге тән. Мұндай балалар құрдастарына қарағанда сезімтал болып өседі, бірақ сонымен бірге эмоцияларды басқалардан жасыруға тырысады. Сонымен қатар, көпшілік адамдар үшін ұсақ-түйек болып көрінетін жағдайлар әрдайым олар үшін үлкен мәселеге айналады. Тіпті, жәй әзіл-қалжың олар үшін ренжітуге себеп болуы мүмкін.
Жалғыздыққа деген сүйіспеншілік
Қоғамға сәйкес келмеймін деп ойлап, өз уақытыңды жалғыз өткізуге дайынсың ба, өзіңді басқалардан алшақ сезінесің бе? Бұл мінез-құлық сенің бүкіл қоғамың отбасы болған балалық шақта қалыптасқан әдет болуы мүмкін.
Жеке шекаралардың болмауы
Билік кейбір ата-аналарға баласының өмірін бақылауға мүмкіндік береді. Бөлмеге есікті қақпай кіріп, жеке заттарын алып, геопозицияны қадағалайтын қосымшаларды орнату, тіпті егер ол сенімді және дұрыс әрекет етсе де. Нәтижесінде, тіпті ересек адам болса да, ата-ана бақылауының құрбаны, жойылған жеке шекараларды қалпына келтіре алмайды.
Фото: Unsplash