Гостинг — коммуникацияның біржақты кенеттен және себепсіз тоқталуы (бұл термин ағылшын тіліндегі ghost — «елес» сөзінен шыққан).
Бірақ, TikTok-та жаңа ұғым пайда болды— баяу гостинг. Барлығы бірдей, бірақ айырмашылығы — адам бірден қарым-қатынасты үзудің орнына біртіндеп тоқтатады.
Секс-сарапшы Джиджи Фронг Hypebye-ге берген сұхбатында жұбыңның баяу гостингте екенін анықтау және жаңа жылға дейін қарым-қатынаста сенімді болу үшін қандай белгілер бар екенін атады.
Міне, сарапшы атаған 4 белгі:
- Суық жауаптар. Мұның қалай болатынын білесің. «Қалайсың?» деп сұрасаң, жауап ретінде суық «Бәрі ок». Диалог осымен аяқталады.
- Сен әрқашан әңгімені өзің бастайсың. Диалогтың бастамашысы болудың еш жаман жері жоқ, бірақ егер сен мұны үнемі жасасаң және кері байланысты көрмесең, ойлану керек.
- Дәйекті смстердің болмауы. Мысалы, сендер бір-бірлеріңе қайырлы таң немесе қайырлы түн тілемейсіңдер.
- Сезім білдірмеу. Мұнда бәрі анық: Джиджидің пікірінше, ол сені бәрін ашып айта алатын жақын адам деп санамайды.
Фото: Unsplash