Баян Алагөзова туған күніне күйеуі қандай көлік сыйлағанын айтты

от aigerakain
Опубликовано: 15 февраля 2024, 17:30
Instagram: bayanmaxatkyzy

Баян Мақсатқызы махрге не сұрағанын да айтты.

Продюсер Баян Мақсатқызы «ХабарLIKE» бағдарламасына берген сұхбатында жұбайынан махрге не сұрағаны туралы айтып берді.

«Мен кеңсе сұрадым. Қыздар әдетте сақина сияқты нәрсені сұрайды, бірақ мен жеке кеңсе сұрадым. Үлкен кеңсе»,

деп жауап берді ол.

Сонымен қатар, 19 қаңтарда Баян Алагөзова өзінің 50 жасын атап өтті. Ол жұбайы Тұрсын Алагөзовтан қандай сыйлық алғанын айтты.

«Тұрсын мырза маған Rolls-Royce маркалы өте жақсы көлік сыйлады. Көлікке мен әлі мінген жоқпын, түсі көк болуы керек. Мен әлі көрген жоқпын, уақытым жоқ»,

деп жауап берді Баян.

Естеріңе сала кетейік, Баян Алагөзованың мерейтойында ерекше тосын сый болды — продюсер Валерий Меладземен дуэт орындады. Бұл дуэтті продюсерге күйеуі сыйлап, 50 жасқа толған туған күнінде өзінің арманын орындағанын айтты.

Оның кешінде қазақстандық әншілер де өнер көрсетті. Қайрат Нұртас өзінің «Туған күн» хитін орындап, құны 5000 доллар тұратын тастармен безендірілген костюмін сыйға тартты.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше