Баян Алагөзова отбасы үшін маңызды күнде кішкентай қыздарының суреттерін көрсетті

A
aigerakain
06 ноября 2024

Баян Алагөзова
Instagram: bayanmaxatkyzy

Белгілі қазақстандық продюсер Баян Алагөзова суррогат ана арқылы дүниеге келген кішкентай қыздары Алиса мен Алманың жаңа суреттерін көрсетті.  

Тұрсын мен Баян Алагөзовтердің отбасында қуанышты күн. Олардың қызы Алисаға 3 ай толды. Осыған орай, фотосессия ұйымдастырды — сәбиге әдемі көйлек кигізіп, қасына «Алисаға 3 ай» деген жазуы бар бенто-торт қойды. Ал, оның басында мерекелік «Happy Birthday» қалпағы бар. 

Сондай-ақ, фотоға ең кіші қызы Алма да түсті. 

Сәби қызыл раушан гүлдерімен безендірілген жарқын көйлек киді, қолына сыйлық пен жүрек тәрізді әуе шарын ұстады.

«Алмусяны да суретке түсірдік, ренжіп қалмасын деп»,

деп жазды бақытты ана.

Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше