«Бақыт жарыңның жасына байланысты емес»: Ерке Есмахан ажырасу жайлы пікір білдірді

от aigerakain
Опубликовано: 02 октября 2023, 18:09
Ерке Есмахан ажырасу жайлы пікір білдірді
Instagram: erke_esmahan

Отандық әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде ажырасудың жиілеп кеткені туралы сөз қозғады. Ол некедегі бақытқа ер азаматтың жасы әсер етпейтінін атап өтті.

Еске сала кетейік, Ерке Есмахан күйеуі екеуі Лондонда демалыста жүр. Алайда әнші оқырмандарымен араласуға уақыт тауып, олардың сұрақтарына жауап берді. 

Жанкүйерлердің бірі қазір ажырасудың көп екеніне қынжылып, Ерке мен Rаim-ның некесі берік болғанын тіледі. 

«Сендерден махаббат сезіледі»,

делінген хабарламада.

«Ия, алда не күтіп тұрғанын ешкім білмейді. Сол үшін абайлап сөйлеп, аңдап басқан жөн. Алланың өз есебі бар. Қарап тұрсаңыздар біздің жас аралығымызға көп тиседі. Мысалға жастары қатарлас, күйеуі үлкен немесе әйелі жас жұптар мәңгі бақи бірге болады, бақытты болады, ажыраспайды деген сөз жоқ қой?! Өмірде куә болып жүрсіздер неше түрлі тағдырға.

Бұл қыздар жас жігітке күйеуге шығыңдар дегенім емес. Бақыттың кілті жасқа, ұлтқа байланысты емес дегім келеді»,

деп бөлісті Ерке.

Ерке үлгілі отбасын құру үшін көп күш, шыдамдылық пен даналық қажет деп санайды.

«Барлығы екі адамға байланысты. Жанұя болу үлкен еңбек. Сондықтан, шаңырақ көтерген әр жанұяға бақыт тілеп өтейік. Ажырасып, басына сынақ келген әр жанға Алла бәрін хайырымен қылсын деп тілеймін»,

деп толықтырды. 

Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше