
Кейде қарым-қатынас жанға жылулық силайды, бірақ бірге болған адам емес. Махаббатқа деген сағынышты қалай тануға болады және оны адамның өзін аңсаудан қалай ажыратуға болады?
Егер сен жақында айырылысуды бастан өткерген болсаң, онда бұрынғы сүйіктіңе деген сағыныш сезімін қарым-қатынас пен достық қажеттілігімен шатастыру қалыпты жағдай.
Төменде сен адамның өзін емес, екеуіңде болған махаббатты сағынатыныңның 5 белгісін табасың.
Сіз сағынасың, бірақ бұрынғы сүйіктіңді емес
Анда-санда артқа қарап, басыңда белгілі бір естеліктерді айналдыру қалыпты жағдай. Жақсы (немесе жаман) уақытты еске түсіре бастағанда, бұрынғы сүйіктің туралы объективті түрде ойлан. Өзіңнен сұра: мен оны сағындым ба, әлде бірге өткізкен сәттерді сағындым ба?
Сен жаңа қарым-қатынасқа ашықсың
Сен жаңа адамдармен танысу және жаңа романтикалық тәжірибелерді сезіну мүмкіндігіне ашық екеніңді сезесің және жиі кездесулерге барасың.
Немесе мүлде романтиканы қаламайтын шығарсың. Жай кез келген адаммен сөйлескің келеді. Және бұрынғы сүйіктіңмен де сөйлесу туралы ойлана бастауың мүмкін.
Сен өткенді біржақты талдайсың
Белгілі бір қарым-қатынас бізді адамның жаман мінез-құлқын ақтауға және қызыл жалауларды елемеуге мәжбүр етуі мүмкін. Біз ғашық болған кезде жиі қызғылт көзілдірік киеміз. Ең дұрысы, бұрынғы қарым-қатынасыңнанбас тарту арқылы сен оны енді романтизацияламайсың.
Егер естеліктер жаныңа жылулық силаса, онда шынымен не қалайтыныңды әлі түсінбеуің мүмкін. Сондықтан бұрынғы сүйіктіңді сағынасың. Олай жасаудың қажеті жоқ!

Сенде эмоционалды байланыс жоқ
Кейде махаббатты бауыр басушылықтан ажырату қиын болуы мүмкін. Бұл қарым-қатынаста эмоционалды алшақтық болған жағдайда білінеді. Бірақ, бұрынғы жұбыңды енді аңсамайтыныңды түсінсең, бұл сенде эмоционалды байланыс жоқ екенін көрсетеді.
Сен өзін-өзі дамытуға үлкен назар аударасың
Біздің психикамыздың айырылысуға деген әдеттегі жауабы: «Мен қазір өзіме назар аударамын». Бұл керемет, бірақ кейбір адамдар бұл ережені ұстанбайды. Егер сен бос орынды қарым-қатынаспен толтыруға емес, жеке даму мен өзін-өзі жетілдіруге назар аударатын болсаң, онда бұрынғы сүйіктіңді ұмытып кеткен боларсың және оны шынымен сағынбайсың.
Сен, сондай-ақ, жалғыздықтан ләззат ала бастайсың. Онда тыныштық табасың және басқа адамды қажет етпейсің.
Фото: Unsplash