Қазақстандық актриса Ғазиза-Таңшолпан Тілеубай, режиссер Қуаныш Бейсековтың жұбайы жақында әлеуметтік желіде сәби күтіп жүргендерін көрсетіп, күні кеше декреттегі күнделікті өмірі туралы айтты.
Осы жылдың сәуір айында «Ирина Кайратова» клиптерінің режиссері, топтың Youtube-шоуының авторларының бірі Қуаныш Бейсеков пен актриса Ғазиза-Таңшолпан Тілеубай некелерін қиды. Актриса көрермендерге «Қазақ хандығы. Алмас қылыш», сондай-ақ «Алтын тақ», «Сүйе білсең» сериялары арқылы танылды. Арудың бірінші некесінен ұлы бар. Жақында Ғазиза-Таңшолпан өзінің блогында аяғы ауыр фотосуретті жариялады.
«Жаным», «Мамуля», «Сұлу қыз, жеңіл босан», «Кука мен Газидан коллаб», — деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары фотосуреттің астына.
Бүгін стористе ол декретте не істейтінін көрсетті. Актриса тамақ әзірлегенді ұнатадыжәне ұлымен уақыт өткізеді.
Фото: Instagram