
Қазақстандық боксшы қыз Балауса Муздиман өзінің Instagram парақшасында әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакинаның атына сын айтты.
«Легионер болған соң білгенін жасап жүр. Қазақстанда туып өссе, қай ұлт болсын, кіндік қаны тамған еліне бүйрегі бұрып тұрады ғой», — деп жазды Муздиман өзінің әлеуметтік желісіндегі stories-те бөлімінде.
Бұған дейін Рыбакина денсаулығына байланысты Париждегі Олимпиада ойындарының теннис турнирінен бас тартқан.
Айта кетейік, бұл ретте Елена американдық Цинциннатиде өткен танымал турнирде бой көрсетті.
Фото: Instagram